Семей өндірісін кеңейтуде

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің айтуынша, өңірге инвестиция тарту қарқынды жүріп жатыр. Жыл басынан бері ол 100-ден астам шетелдік инвестормен кездесті.
«Үлкен Алтай» халықаралық конференциясы аясында Қытайдың ірі компанияларымен 1,5 млрд АҚШ долларына тең 15 меморандумға қол қойылды. Қазіргі таңда қытайлық серіктестер қатысатын 39,5 млрд теңгенің 3 жобасы іске асырыла бастады.
Сонымен қатар «Туған жерге туыңды тік» форумында 336 млрд теңгеге 15 келісім жасалып, 31,7 млрд теңгенің 2 жобасы жүзеге асырыла бастады.
Индустриялық инфрақұрылым бойынша Семейдегі «Өндіріс» аймағының аумағы 96 гектардан 186 гектарға дейін кеңейтіліп, шағын өнеркәсіп паркін құру жоспарлануда. Бұдан бөлек, қалада 500 гектар аумақта арнайы экономикалық аймақ ашу көзделіп отыр.
Бұл бастамалар өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, жаңа өндіріс пен жұмыс орындарын құруға жол ашады.



