Басты жаңалық

Абай ауданында 350 млн теңгелік инвестициялық нысан пайдалануға берілді

Абай облысының әкімі Берік Уәли Абай ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Қарауыл ауылында жеке инвестор есебінен салынған LUKOIL жанар-жағармай құю станциясының қызметімен танысты.

Аймақ басшысын нысан басында Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбек Рахымбеков пен Абай ауданы әкімінің орынбасары Дархан Амангелдин қарсы алды.

Жобаны «GAS&Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырған. Инвестор – Ауқат Серік Амангелдіұлы. Жобаның жалпы құны 350 млн теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары 2025–2026 жылдары жүргізілген.

Жаңа жанар-жағармай құю станциясында АИ-92, АИ-95, дизель және Diesel* отын түрлері ұсынылады. Нысан аудан тұрғындары мен транзиттік көліктерді сапалы отынмен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған.

Облыс әкімі аталған жобаның аудан экономикасын дамытуға, жеке инвестиция тартуға және сервистік инфрақұрылымды кеңейтуге оң ықпал ететінін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button