Басты жаңалық

Қарауыл ауылында 27 пәтерлі тұрғын үй жуырда пайдалануға ұсынылады

Қарауыл ауылында орналасқан 27 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй толық жаңғыртудан өтіп, пайдалануға берілді. Пәтер кілттерін тұрғындарға облыс әкімі салтанатты түрде табыстады.

Жобаның тапсырыс берушісі – Исаев Маулитбек Қуанышович. Бас мердігер – «ProfStroy ltd» ЖШС. Техникалық қадағалауды «ВК Эксперт Надзор» ЖШС, ал авторлық қадағалауды «Амирстройгрупп» ЖШС жүзеге асырды.

Жаңғырту жұмыстары 2025 жылғы 1–30 желтоқсан аралығында жүргізілді. Тұрғын үй 2026 жылдың ақпан айында халыққа пайдалануға берілді.

Көпқабатты үйде:

  • 1 бөлмелі – 6 пәтер,
  • 2 бөлмелі – 15 пәтер,
  • 3 бөлмелі – 6 пәтер бар.

Жоба ауылдағы тұрғын үй қорын жаңарту, өмір сүру сапасын арттыру және тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button