Басты жаңалық

Кеңгірбай би ауылында су құбыры жаңғыртылуда

Кеңгірбай би ауылында ауыз сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту жобасы іске асырылып жатыр. Жобаның сметалық құны – 668 728,6 мың теңге, келісімшарт құны – 641 729,9 мың теңге. Тапсырыс беруші – Абай облысы Абай ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Бүгінге дейін 148 240,0 мың теңге игерілді.

Мердігер ұйым – ARMADA QURYLYS. Техникалық қадағалауды Техна-С, авторлық қадағалауды Құрылыс Сауда Экспо жүзеге асыруда.

Жобада құбырлардың жалпы ұзындығы 9,4 км. Оның ішінде диаметрі 110 мм болатын су құбыры – 7,6 км (тартылғаны 4,9 км), диаметрі 25 мм абоненттік желі – 1,8 км (тартылғаны 0,85 км). Резервуар алаңы бетондалып, 10 құдық орнатылды. Таза ауыз су көзін қалыптастыру үшін тереңдігі 45 метр болатын 2 ұңғыма бұрғыланды, су құрамының сараптамасы 17.12.2025 күні алынды.

Жоба толық іске асқанда 148 тұрғын үй мен 4 әкімшілік ғимарат орталықтандырылған ауыз сумен қамтылады. Қазіргі таңда жалпы жұмыстардың 30 пайызы орындалды.

Дереккөз: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметінен

Басқа жаңалықтар

Back to top button