Басты жаңалық
Әскер қатарында қалатын жастар көбейді

Елімізде әскери қызметті тұрақты мамандық ретінде таңдаған жастар көбейіп келеді. Бұл үрдіс Абай гарнизонына қарасты 11098 әскери бөлімінде де байқалады.
Мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген кей сарбаз келісімшарт негізінде әскерде қалуға шешім қабылдаған. Солардың бірі – қатардағы жауынгер Аңсар Шернияз. Жасы 20-да.
– Әскери қызмет маған тәртіп пен жауапкершілікті үйретті. Сондықтан келісімшартпен қызметте қалуды жөн көрдім, – дейді сарбаз.
Келісімшартпен әскерде қалу тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Мемлекет әскери қызметшілерге әлеуметтік кепілдіктер ұсынып, кәсіби дамуына жағдай жасайды.



