Мүгедектігі бар жандарды жұмысқа алғандарға жеңілдік бар

Жаңа Салық кодексінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа қабылдайтын кәсіпорындарға бірқатар салықтық жеңілдік қарастырылған. Бұл өзгерістер жұмыс орындарын көбейтуге және әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталған.
Енді мұндай қызметкерлерді көп жұмысқа алған ұйымдар корпоративтік табыс салығын аз төлейді, ал кей жағдайда мүлде төлемейді. Жұмыс берушілер мүгедектігі бар қызметкерлерге төленетін жалақы шығынын салықтан көбірек көлемде шегере алады.
Егер кәсіпорында мүмкіндігі шектеулі қызметкерлер саны жеткілікті болса, онда тауар мен қызмет көрсетуден түсетін табысқа ҚҚС салынбайды.
Сонымен қатар мұндай ұйымдар әлеуметтік салықтан босатылады, көлік, жер және мүлік салығы да төмендетілген мөлшерлемемен есептеледі немесе мүлде алынбайды.
Жалпы, бұл өзгерістер жұмыс берушілерді мүгедектігі бар азаматтарды көбірек жұмысқа алуға ынталандыру үшін енгізіліп отыр.



