Басты жаңалық
Конституция жобасында мемлекеттік тіл мәртебесі нақты көрсетілген

Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасында бұл норма нақты жазылған.
— Бірқатар азамат мемлекеттік тіл мәртебесіне қатысты мәселеге назар аударды. Бірақ бұл жерде жаңа Конституция жобасында қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде айқын көрініс тапқанын да айта кету керек, — деді Жандос Шаймарданов.
Жобаға сәйкес, Конституцияның 9-бабында мемлекеттік тіл қазақ тілі екені көрсетілген. Сонымен қатар мемлекеттік мекемелер мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарында орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар қолданылатыны жазылған.


