Жаңа Конституцияда адам құқығы мен сөз бостандығы сақталады

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның VII отырысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен сөз бостандығы толық сақталғанын айтты.
Оның айтуынша, жаңа жобада адам құқықтарын қорғау бұрынғыдан да күшейтілген. Қазақстан тарихында алғаш рет Конституция преамбуласында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау қағидаты нақты көрсетіледі. Бұл талап мемлекет қызметінің негізгі принциптерінің бірі болады.
— Осылайша адам құқықтарының басымдығы мемлекеттің барлық қоғамдық институтының ДНҚ-сына органикалық түрде енгізіліп отыр. Жиынтық түрде алғанда, бұл мемлекет пен азаматтар үшін құндылықтық бағдарларды қалыптастырады, — деді Артур Ластаев.
Сонымен қатар ол адам құқықтарына арналған бөлім атауы өзгеріп, оның маңызы арта түскенін айтты. Бұл бөлім үш тірекке құқыққа, бостандыққа және міндетке негізделеді.
— Қарапайым тілмен айтқанда: мен істей аламын, мен таңдаймын, мен міндеттімін. Бұл ұстанымдар жеке және қоғамдық мүдде арасындағы тепе-теңдікті сақтайды, — деді уәкіл.



