Басты жаңалық

Қазақстан талант іздеп шетелге көз тікті

Қазақстанда көші-қон саясатына өзгеріс енгізіліп, шетелден білікті мамандар тарту үшін «алтын виза» бағдарламасы қолға алынбақ. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары, Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, технологиялық дәуірде мемлекеттердің басты байлығы – жер асты қазбалары емес, адам капиталы. Сондықтан әлем елдері таланттар мен кәсіби кадрлар үшін бәсекені күшейтіп жатыр.

Еуропа Одағында «алтын виза» алғашында жылжымайтын мүлік пен бизнеске инвестиция тартуға негізделген. Алайда кейін бұл жүйе «азаматтық сатылады» деген сынға ұшырап, талаптары қайта қарала бастады.

Орталық Азия бойынша тәуелсіз сарапшы Антонио Бускардини бағдарламаның экономикаға қысқа мерзімде тиімді болғанымен, ұзақ мерзімді әсері шектеулі екенін айтады.

Қазір әлемде тағы бір үлкен тартыс жүріп жатыр. Таланттар үшін күрес. Дамыған елдер ғалымдар мен ІТ-мамандарды, инженерлер мен дәрігерлерді өздеріне тартуға ерекше көңіл бөлуде.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанға да кәсіби мамандарды тарту маңызды. Бірақ бұл үрдіс ашық, әділ әрі жергілікті кадрлардың тәжірибе жинауына мүмкіндік беретін жүйемен қатар жүруі керек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button