Басты жаңалық
Абайдағы әділдік мектебі

Абай облысында комплаенс және әдеп жөніндегі уәкілдер алғаш рет арнайы семинар ұйымдастырды. Шара барысында мемлекеттік қызметтегі жемқорлық тәуекелдері, оларды анықтау әдістері және алдын алу тетіктері жан-жақты талқыланды. Семинарға студенттер мен комплаенс-офицерлер қатысып, өз сұрақтарын қойды.
Оқыту бағдарламасына Абай облысының 24 комплаенс-офицері қатысып, жемқорлыққа қарсы жүйелі және жоспарлы жұмыстың тиімділігі айтылды.
Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.



