Басты жаңалық

Егемендік иесі — халық: жаңа норма енгізілді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасында елдің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау нормалары күшейтілгенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, құжатта Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігіне қол сұғуды насихаттауға тыйым салатын арнайы норма енгізілген.

— 23-баптың 6-тармағында Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қол сұғуды насихаттауға жол берілмейтіні нақты көрсетілген. Ал 46-баптың 17-тармағында ел тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына тікелей қауіп төнген жағдайда Президент тиісті шешімдер қабылдай алатыны жазылған, — деді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік кеңесші жаңа Конституция жобасында егемендік ұғымы бірнеше рет бекітілгенін атап өтті.

Оның сөзінше, 2-бапта Қазақстан Республикасының егемендігі елдің бүкіл аумағына таралатыны және оның өзгермейтіні нақ көрсетілген. Ал 4-бапта мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы әрі егемендіктің иесі Қазақстан халқы екені айқын жазылған. Бұл норма Конституцияда алғаш рет енгізіліп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button