Мәдениет

Семейде өлкетану оқулары өтті

Семей қалалық орталық кітапханасында 2026 жылғы атаулы күндерге арналған «Шежіреге толы туған өлке» атты өлкетану оқулары өтті.

Шараның мақсаты – жастарға туған өлкенің тарихын таныстырып, патриоттық рухты күшейту және өлкетану жұмыстарын дамыту.

Кездесуге музей қызметкерлері, ғалымдар, жазушылар, кітапханашылар және Әлихан Бөкейхан университеті мен Көлік колледжінің студенттері қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар Алаш қайраткерлерінің өмірі мен еңбегі, халық ақыны Шәкір Әбеновтің шығармашылығы, ғалым Қайым Мұхамедханұлының мұрасы және композитор Бекен Жамақаевтың қазақ музыкасына қосқан үлесі туралы баяндамаларды тыңдады.

Шара соңында мерейтой иелеріне арналған бейнеролик көрсетіліп, «Семей шежіресі сыр шертеді» атты көрме таныстырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button