Жас қаламгерлерге Президенттік арнайы әдеби сыйлық табысталды

Мемлекет басшысы 2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік арнайы әдеби сыйлықты беру туралы Жарлыққа қол қойды.
Аталған сыйлық отандық әдебиетті дамытуға, жас қаламгерлердің шығармашылығын қолдауға және жаңа әдеби есімдерді танытуға бағытталған.
2025 жылы Президенттік арнайы әдеби сыйлық келесі номинациялар бойынша берілді:
«Проза» номинациясы – «Тергеуші» туындысы үшін Арман Ерланұлы Әлменбетке;
«Поэзия» номинациясы – «Құмдағы хикая» өлеңдер жинағы үшін Саян Кенжегалиұлы Есжановқа;
«Драматургия» номинациясы – «Ақ киіз» драмалық шығармасы үшін Бауыржан Ширмединұлы Мустафиевке;
«Балалар әдебиеті» номинациясы – «Жазда атамның ауылында…» өлеңдер жинағы үшін Асылан Біржанұлы Тілегеновке.
Президенттік арнайы әдеби сыйлық жас авторлардың кәсіби дамуына серпін беріп, ұлттық әдебиеттің мазмұнын байытуға үлес қосады.



