Спорт

Ерасыл Жақпеков Boxam Elite турнирінің келесі кезеңіне өтті

Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде қазақстандық боксшы Ерасыл Жақпеков алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен аяқтады.

80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз алғашқы айналымда канадалық Джошуа Офориімен кездесті. Жекпе-жек барысында Жақпеков айқын басымдық танытып, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан (5:0) жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Осылайша, Ерасыл Жақпеков турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды.

Айта кетейік, бұл жарыста тағы бір қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан (70 келі) да Кабо-Верде спортшысын жеңіп, жарысты жалғастыруда. Ал ұлттық құрама мүшесі Санатали Төлтаев алғашқы кездесуінде жеңіліп, турнирмен ерте қоштасты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button