Спорт
Михаил Шайдоров Қазақстанға Олимпиада алтынын сыйлады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров еркін бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, ел қоржынына тарихи алтын медаль салды.
Спортшы өз бағдарламасын қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің әніне орындап, көрермендер мен төрешілердің жоғары бағасына ие болды. Нәтижесінде ол басты қарсыластарының бірі — АҚШ өкілі Илья Малининді басып озып, Олимпиада чемпионы атанды.
Бұл жеңіс — Қазақстанның мәнерлеп сырғанау тарихындағы маңызды жетістік. Бұған дейін еліміз Олимпиада жүлдесін 2014 жылы Денис Тен жеңіп алған болатын. Ол кезде қазақстандық спортшы қола медаль иеленген еді.
Михаил Шайдоровтың жеңісі ел спорты үшін жаңа тарихи белеске айналды. Қазақстандықтар чемпионды зор қуанышпен қарсы алды.



