Ең жас шаңғышылардың бірі — жерлесіміз үлкен додада

Қазақстан ұлттық құрамасының ең жас спортшыларының бірі, жерлесіміз Әмірғали Мұратбеков Милан-2026 Қысқы Олимпиадасында ел намысын қорғап жатыр.
Үржар ауданының тумасы биыл ересектер арасындағы Әлем кубогі кезеңдеріне қатысып, халықаралық жарыстарда тәжірибе жинады. Бұл оған әлемдік деңгейдегі спортшылармен тең дәрежеде бәсекеге түсуге мүмкіндік берді.

Жас спортшының спорттағы қалыптасуына ұлттық құраманың бас бапкері әрі жерлесі Ердос Ахмадиевтің үлесі зор. Бүгінде Әмірғали ұзақ қашықтықтағы жарыстарда жоғары төзімділігімен ерекшеленіп, халықаралық аренада өңір намысын абыроймен қорғап келеді.
Олимпиада бағдарламасы бойынша Әмірғали Мұратбеков 8 ақпан сағат 17:00-де, 10 ақпан 13:15-те, 13 ақпан 15:45-те және 21 ақпан 15:00-де скатилон, 10 және 50 шақырым қашықтықтарда жарыс жолына шығады.
Жерлесімізге жанкүйер болып, қолдау білдірейік.



