Хабарландыру
Семей мектептерінде сабақтар қашықтық форматқа ауыстырылды

Семей қаласында ауа райының қолайсыздығына және көктайғаққа байланысты 2026 жылғы 11 ақпанда мектептерде оқу процесіне уақытша өзгеріс енгізілді.
Қалалық білім бөлімі мәліметінше, қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында 1 және 2 ауысымда оқитын 1–11 сынып оқушылары, сондай-ақ колледждердің I–II курс студенттері үшін сабақтар қашықтық форматта өтеді.
Бұл шешім оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Оқу процесі онлайн форматта жалғасады.


