Салық төлемеген жалға берушіге не болады?

Семей қаласында пәтерін жалға беріп табыс тауып отырған азаматтарға салық төлеу талаптары күшейтіліп жатыр. Мемлекеттік кірістер органдары табыс түсімдерін бақылауды арттырған.
Мамандардың айтуынша, пәтерін жалға беретіндер өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат ретінде арнайы салық режиміне тіркеле алады. Бұл үшін жеке кәсіпкер ашу міндетті емес, барлық төлем банк қосымшалары арқылы рәсімделеді.
Режимді пайдалану үшін азамат:
• жеке кәсіпкер болып тіркелмеуі,
• жалдамалы қызметкер ұстамауы,
• айлық табысы 300 АЕК-тен аспауы тиіс.
Бұл режим бойынша табыстың 4 пайызы ғана әлеуметтік төлемдерге аударылады. Ол зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру және медициналық сақтандыру жүйесіне бағытталады.
Егер пәтер иесі тіркелмей жалға беруді жалғастырса, алдымен ескерту жіберіледі. Кейін талап орындалмаса, айыппұл салынуы мүмкін.
Сарапшылар Семейде пәтерін жалға беретін азаматтарға табысын заңдастырып, арнайы салық режиміне уақытылы тіркелуді ұсынады.



