Қожагелдіде жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді

Ақсуат ауданына жұмыс сапары барысында Абай облысының әкімі Берік Уәли Қожагелді елді мекеніне барып, тұрғындармен кездесті және жаңадан салынған медициналық пункттің ашылу рәсіміне қатысты.
Кездесу кезінде ауыл халқы елді мекендегі өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Өңір басшысы ауылдық инфрақұрылымды дамыту, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.
Жаңа медициналық нысан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында салынған. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың шілде айында басталып, 2025 жылдың шілдесінде аяқталды.
Медициналық пункт алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған. Мұнда бір фельдшер қызмет етеді, ал қызмет алатын тұрғындар саны 110 адамды құрайды. Нысан іске қосылып, ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттырды.



