Екпін ауылында заманауи спорт кешені ашылды

Ақсуат ауданына жұмыс сапары барысында Абай облысының әкімі Берік Уәли Екпін ауылында жаңадан салынған спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты.
Жаңа нысан ауыл тұрғындары мен жастардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасайды. Кешен заманауи талаптарға сай жабдықталған.
Спорт кешені офтейк келісімшарты негізінде салынған. Құрылыс жұмыстарын «Жансерік К.А.» ЖШС жүргізген. Нысанның жалпы ауданы 1419 шаршы метр, құрылыс көлемі 14 183,7 текше метр. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың маусым айында басталып, желтоқсан айында аяқталған.
Бүгінде кешенде 22 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Мұнда футбол, волейбол, күрес және бокс секциялары жұмыс істейді.

Жаңа спорт нысаны ауыл жастарының спортқа қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын дамытуға мүмкіндік береді.



