Басты жаңалық

Облыстағы өзекті үш мәселе: кеңесте не айтылды

Аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында өңірдегі ауыз су, ветеринариялық және санитариялық жағдай, тұрғындардың өтініштері талқыланды. Бұл туралы Абай облысының  баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда облыста ауыз сумен қамту бойынша 32 жоба жүзеге асуда. Оның 13-і аяқталып, 20 мыңнан астам адам сапалы суға қол жеткізді. Әкім бұл жұмыстарды тезірек аяқтауды тапсырды. Себебі кейбір ауылдарда әлі де су тапшылығы мен ескі желілер мәселесі бар.

Өңірдегі эпизоотиялық жағдай тұрақты. Былтыр жануарлар арасында қауіпті аурулар тіркелмеген. Миллиондаған профилактикалық және тексеру жұмыстары жүргізілген. Биыл да вакцинация жалғасады. Сонымен қатар алдағы жылдары жаңа ветеринариялық нысандар салынып, арнайы техника алынады.


Азаматтардың өтініштері де көбейген. 2025 жылы 32 мыңнан астам өтініш қаралған. Бұл өткен жылға қарағанда 30 пайызға көп. Көбіне білім мен денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелер көтеріледі. Қабылдау орталықтарына келушілер саны да екі есеге артқан.

Жиын соңында облыс әкімі жауапты тұлғаларға барлық жұмысты сапалы әрі уақытында орындауды, ал тұрғындардың өтініштеріне дер кезінде жауап беруді тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button