Аймақ тынысы

Аягөзде көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді

Аягөз ауданы әкімінің міндетін атқарушы Айбек Серікболұлы көпбалалы аналарды арнайы қабылдап, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын табыстады.

Кездесу барысында аудан басшысы аналарды марапаттарымен құттықтап, ел болашағын тәрбиелеудегі еңбектері үшін алғыс білдірді. Көпбалалы отбасыларды қолдау мемлекет саясатының маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Жиында ананың қоғамдағы орны мен отбасы құндылықтарын нығайтудағы рөлі ерекше екені айтылып, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып жүрген аналарға құрмет көрсетілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button