Туризм
Тренд

Frozen Festival 2026: Паландөкендегі қысқы ертегі

Қысқы демалысты тек спортпен емес, қызу кештермен байланыстыратындар үшін Түркияның шығысындағы туризм астанасы Эрзурум қаласында 12–15 ақпан аралығында жетінші рет Frozen Festival ұйымдастырылады.

Диджейлердің музыкасы, түнгі шаңғы тебу, мұз мүсіндерін жасау және ашық аспан астындағы йога сабақтары мерекелік атмосфера сыйлайды.

Эрзурум тек қар емес, табиғат ғажайыптарына да бай. Тортум сарқырамасының асқақтығы мен Нарман «ертегі мұржаларының» қызыл жартастары фотографтар үшін нағыз олжа. Қаланың ерлік тарихын сезінгісі келетіндер үшін Азизие бастиондарына шығып, қаланың панорамалық көрінісін тамашалауды ұсынамыз.

Эрзурум  – тарих пен заманауи ойын-сауықтың бірегей тоғысқан нүктесі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button