Басты жаңалық

Семейде 26 отбасы қоныс тойын тойлайды

Семейде тұрғындарды баспанамен қамту бағытында тағы бір тұрғын үй пайдалануға берілді. 26 отбасы жаңа пәтерге ие болды. Пәтер кілттерін аймақ басшысы Берік Уәли тапсырды.

2025 жылы қалада 327 жалдамалы пәтер сатып алынды. Юность көшесі, 19Б мекенжайында орналасқан 60 пәтерлі тұрғын үй «Отбасы банк» арқылы кезекте тұрған тұрғындарға берілді. Осы тұрғын үйден 26 пәтер әлеуметтік осал топтағы азаматтарға табысталды.


Жаңа баспана иелері бұл күннің өздері үшін ерекше маңызды екенін айтып, қуаныштарымен бөлісті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button