Басты жаңалық

Курчатовта тұрғын үй мен инфрақұрылым жаңарып жатыр

Курчатовта тұрғын үй мен қала инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасуда. 2025 жылы Школьная көшесіндегі 36 пәтерлі үй сатып алынып, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі. Абай көшесіндегі 70 пәтерлі үйдің құрылысы толық аяқталды. Ал 2026 жылы бірнеше көпқабатты үйге жөндеу жұмыстары басталады.

Соңғы бір жылда тұрғын үй кезегінде тұрған адамдар саны 225-тен 375 адамға дейін көбейді. Бұл қалаға көшуге қызығушылық артқанын көрсетеді.

Қала жолдары да жаңартылып жатыр. Аулаішілік жолдар да толық асфальтталып, жаңартылды. Сонымен қатар бірнеше көпқабатты үйдің қасбеті жөнделді.

Жылыту маусымына дайындық аясында қазандықтар жаңартылып, тозған жылу желілері ауыстырылды. Қаладағы ауызсу сапасын жақсарту үшін сүзгі станциясында жөндеу жүргізілді.

Соңғы үш жылда қала көшелері мен аулалары толық жарықтандырылды. Бірқатар қоғамдық орындарда күн қуатымен жұмыс істейтін шамдар орнатылды.

Былтыр қалада ондаған сенбілік пен экологиялық акциялар өтіп, жүздеген тонна қоқыс шығарылды. Биыл жасыл аймақтарды көбейту және автоматты суару жүйесін орнату жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button