Заң

Семейде қоғамдық тәртіп пен тазалық бақылауда

Семей қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық орындардағы тазалық пен тәртіпті сақтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. «Нөлдік төзімділік» қағидаты аясында құқықбұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың жауапкершілігін арттыру басты назарда.

Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орында темекі шегіп, тұқылын жерге тастаған екі тұрғын анықталды. Аталған деректер бойынша әкімшілік шаралар қабылданып, құқық бұзушыларға заң талаптары түсіндірілді.

Полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыстар барысында азаматтарға қоғамдық орындарды таза ұстаудың, ортақ мүлікке ұқыпты қараудың маңыздылығын жеткізуде. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау – тек заң талабы ғана емес, әрбір тұрғынның азаматтық міндеті екені ескертілді.

Мамандардың айтуынша, қаланың тазалығы мен қауіпсіздігі әр адамның мәдениеті мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Әрбір азамат өз іс-әрекеті арқылы қоғамдық кеңістіктің жайлы әрі қауіпсіз болуына үлес қоса алады.

Осыған орай, тұрғындар қоғамдық орындарды ластамауға, қоқыс тастау ережелерін сақтауға және ортақ тәртіпті құрметтеуге шақырылады. Тазалық пен тәртіп – ортақ құндылық.

Басқа жаңалықтар

Back to top button