ӘлеуметБасты жаңалық
2 наурыздан бастап баспана бөлу тәртібі өзгереді

2 наурыздан бастап тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға баспана бөлу тәртібі жаңарады. Енді «Отбасы банк» тұрғын үйді тек міндетті түгендеуден өткен азаматтарға ғана ұсынады.
Жаңа талапқа сәйкес, инвентаризация тұрғын үй алу процесінің алғашқы кезеңіне айналады. Кезекте тұрған азамат түгендеуден өтпеген жағдайда, ол тізімнен шығарылмайды, алайда баспана бөлуге қатыса алмайды.
Сонымен қатар мұндай азаматтарға жалдамалы тұрғын үй алу, 2% және 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие арқылы пәтер сатып алу мүмкіндігі берілмейді.
Банк мәліметінше, кезекте тұрған азаматтар жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беріп, orken.otbasybank.kz порталында тіркеліп, түгендеуден өтуі тиіс.



