Басты жаңалық
Мәслихат сессиясы өтті, халыққа әсері бар ма?

Абай облысында мәслихаттың кезекті отыз екінші сессиясы өтті.
Күн тәртібінде әлеуметтік және экономикалық мәселелер қаралды. Депутаттар санаторийдегі емдеу жобасына өзгерістер енгізу, тегін медициналық көмек тізімін кеңейту, 2026–2030 жылдарға арналған бюджет пен даму жоспарын бекіту, сонымен қатар су ресурстарын пайдалану төлемақысын айқындау және көшелерді қайта атау тақырыптарына тоқталды.
Отырыстың соңында депутаттық сауалдар қаралып, қабылданған шешімдердің өңір дамуына оң әсер ететіні атап өтті.



