Басты жаңалық

Тәртіп сақшылары шаңғыда өзара мықтыны анықтады

Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері шаңғы жарысында бақ сынады. Іс-шара Семей қаласындағы шаңғы базасында өтті.

Жарыстың басты мақсаты – қызметкерлер арасында спортты дамыту, дене дайындығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Сайысқа әртүрлі бөлімшелерден 25 қызметкер қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Ерлер арасында 3 шақырым қашықтықта Аслан Нұрғалиев бірінші орын алды. Екінші орын Жақсылық Шармуқанбетовке бұйырса, үшінші орынды Айбек Адаев иеленді.

Қыздар арасында 1 шақырымда Жазира Омарова жеңімпаз атанды. Мөлдір Бекболатова екінші, Алтынай Ескедирова үшінші орын алды.

Жарыс барысында қатысушылар тек спортпен ғана шектелмей, арнайы тренингтерге де қатысты. Бұл жаттығулар ұжымдағы бірлікті нығайтып, өзара сенімді арттыруға көмектесті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен алғыс хаттар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар қызметкерлердің шымыр болуына және командалық рухтың күшеюіне оң әсер етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button