Басты жаңалық

Жасөспірімдерге бақылау күшейді

Абай облысында «Жасөспірім» профилактикалық іс-шара өтіп жатыр. Рейд 28 ақпан мен 2 наурыз аралығында жүргізіледі. 

Шараның мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Полицейлер мектеп оқушылары арасында тәртіпті бақылап, қоғамдық орындағы жағдайды қадағалайды.

Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау, көшедегі бұзақылықтың алдын алу және балаларға қарсы заңсыз әрекеттерге жол бермеу назарда болады.

Мамандар ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды және олардың қауіпсіздігіне көңіл бөлуге шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button