Басты жаңалық

Семейде екі ер адам көлікте көз жұмды

Семей қаласының шетінде «ГАЗель» автокөлігінің ішінен екі ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Абай облысының полиция департаменті хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдар көліктің ішінде отырған күйі қозғалтқышты өшірмеген. Көлік іші жабық болған. Сарапшылардың болжамынша, олар ұйықтап қалып, иіссіз әрі қауіпті көмірқышқыл газынан уланып көз жұмған.

Полиция мәліметінше, оқиға орнында зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Алдын ала себеп – көміртек тотығынан улану. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Құзырлы орган тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертеді. Әсіресе, жабық немесе желдетілмейтін орындарда көлікті ұзақ уақыт бойы қосулы күйде қалдырмау қажет.

Мамандар көміртек тотығының иіссіз әрі көзге көрінбейтінін еске салып, мұндай жағдайлардың қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button