Басты жаңалық
Семейде іскер әйелдер бас қосты

Семейде Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығының 30 жылдығына орай «Әйел көшбасшылығы» атты форум өтті.
Игі шараға социология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева, Қазақстанның халық әртістері Меруерт Өтекешова мен Майра Ілиясова, бизнес-тренер Ақерке Берлібай және Абай облысының іскер әйелдері қатысты.

Форумда Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов қатысушыларды алда келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, әйелдердің қоғамдағы рөлі мен көшбасшылық әлеуетінің маңызын атап өтті.



