Басты жаңалық
«Бюллетеньді тіркеу»: алаяқтар жаңа тәсіл қолдануда

Референдум қарсаңында алаяқтар азаматтарды алдаудың жаңа тәсілін қолдана бастады. Олар тұрғындарға қоңырау шалып немесе хабарлама жіберіп, «бюллетеньді тіркеу» үшін SMS-кодты айтуды сұрайды.
Сонымен қатар мессенджерлерде өздерін онлайн дауыс беруді ұйымдастырушылар ретінде таныстырып, «тіркеуден өткіземіз» деген желеумен жалған хабарламалар таратып жатыр.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының мәліметінше, дауыс беру және оған қатысты рәсімдер телефон арқылы қоңырау шалу немесе SMS-код сұрату арқылы жүргізілмейді.
Референдум кезінде дауыс беру тек тиісті учаскелерде қағаз бюллетень арқылы жүзеге асырылады.



