Тамақ өндірісі 4,7 трлн теңгеге дейін өседі

Үкімет жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін 70 процентке дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл мәселе Премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында қаралды.
Биылғы жылдың алғашқы екі айында азық-түлік пен сусын өндірісінде өсім байқалды. Азық-түлік өндірісінің көлемі 665 миллиард теңгеге жетіп, өсім 111,9 пайызды құрады. Ал сусын өндірісі 175,4 миллиард теңгеге жетті.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, тамақ өнеркәсібі тұрақты даму қарқынын сақтап отыр.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда тамақ өнімдері өндірісінің көлемі 3,9 триллион теңгеге жеткен. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 8,1 пайызға жоғары.
Биыл бұл көрсеткішті 4,7 триллион теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.



