Басты жаңалық
Әскери бөлімде Ұлттық тағамдар фестивалі өтті

Аягөз гарнизонындағы 63310 әскери бөлімінде Наурызнама аясында 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай «Ұлттық тағамдар фестивалі» өтті.

Шараның мақсаты – қазақтың салт-дәстүрін насихаттап, әскери қызметшілер арасындағы бірлікті арттыру.

Фестивальде қатысушылар бірнеше «ауыл» болып бөлініп, өзара сайысты. Әр ауыл ұлттық нақышта безендіріліп, қазақтың дәстүрлі тағамдары ұсынылды. Қатысушылар тағамдардың дайындалу жолын да таныстырды.

Сайыс барысында ауылдар тағам түрлері, безендіруі, салт-дәстүрді көрсетуі және ұлттық киімдері бойынша бағаланды.

Мереке кезінде ән айтылып, ұлттық ойындар ойналды. Сондай-ақ түрлі дәстүрлер көрсетіліп, кештің сәнін келтірді.
Нәтижесінде үздік ауылдар анықталып, жеңімпаздар марапатталды.



