Денсаулық

Қай дәрі көп сатылады?

Қазақстанда тұрғындар жиі сатып алатын дәрілер тізімі белгілі болды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сатылым бойынша этил спирті бірінші орында тұр — 4,1 млн.

Екінші орында натрий хлориді (2,1 млн), ал одан кейін парацетамол, ацетилсалицил қышқылы және нафазолин орналасқан.

Сұранысқа ие дәрілер қатарында «Цитрамон П» бар. 1,23 млн-нан астам бірлік сатылған. Үздік ондыққа бұдан бөлек меновазин (897 мың), «ТераФлю», белсендірілген көмір (636 мың) және фурацилин (623 мың) кірді.

Министрлік мәліметінше, бүгінде дәрілік заттар цифрлық таңбалау жүйесі арқылы бақыланады. Әр қаптамаға бірегей Data Matrix коды беріледі.

Азаматтар «Naqty Onim» мобильдік қосымшасы арқылы дәрінің түпнұсқалығын тексере алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button