Денсаулық
Қазақтардың жасы ұзарды, енді не болады?

Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа жетті. Бұл ел тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.
Салыстырсақ, 1991 жылы қазақстандықтар орта есеппен 67,6 жыл өмір сүрген. Қазір бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді.
2025 жылы Қазақстан ДДСҰ-ның Еуропалық өңірінде жүрек-қан тамырлары мен басқа да созылмалы аурулардан болатын өлімді 25%-ға азайтқан елдердің үздік ондығына кірді.
2029 жылға дейін өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа жеткізу көзделіп отыр.



