Мәдениет
Семейде ақындар айтысы өтіп жатыр

Семейдегі Абай атындағы театрда Абай облысы мен Батыс Қазақстан облысының ақындары қатысқан республикалық командалық айтыс басталды. Бұл туралы Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жайық келіп, Ертіске қосылғанда» атты жыр додасы Наурызнама аясында ұйымдастырылып отыр.

Айтыстың ашылуына облыс әкімі Берік Уәли қатысып, ақындарға сәттілік тіледі. Оның айтуынша, бұл шара «Семейдің мәдени маусымдары» жобасының маңызды бөлігі.

Айтысты белгілі ақын Аманжол Әлтай жүргізуде, ал қазылар алқасына Жүрсін Ерман төрағалық етеді.

Сайыста екі өңірдің ақындары түрлі бағытта өнер көрсетіп жатыр. Ән, күй, жыр, терме де сахна төрінде шырқалуда.



