Мәдениет

Мәдениет саласы бір жылды қалай өткерді?

Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының жылдық жұмысы қорытындыланды. Жиын барысында саладағы өзекті мәселелер талқыланып, алдағы жоспар айтылды.

Шара барысында басқарма басшысы Жанжігіт Омархан атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Бүгінде облыста 298 мәдениет, тіл және архив нысаны жұмыс істейді. Бұл салада 2 194 қызметкер еңбек етеді, олардың 1 358-і ауылдық жерлерде қызмет атқаруда.

2025 жыл Абай облысының мәдениет саласының даму тарихында маңызды кезең ретінде атап өтілді. Алдағы уақытта салада бірқатар жаңа бастамаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, «Jaña klub» және «KITAP LAB» жобаларын кеңейту арқылы ауыл мәдениетін заманауи форматқа бейімдеу көзделген. Сонымен қатар музей қорларын толық цифрландыру жалғасып, «Руханият әлемі» атты бірыңғай мәдени ақпараттық платформа іске қосылады. Бұдан бөлек, ауылдық жерлерде мобильді мәдени қызмет көрсету жүйесін енгізу жоспарлануда. Биыл жүзеге асқан үздік жобалар алдағы жылы да дәстүрлі түрде жалғасын табады.

Күннің бірінші жартысында екі секциялық жұмыс ұйымдастырылды. Бірінші секцияда мәдениет саласы қызметкерлеріне арналған жасанды интеллектті мәдениет саласында қолдану тақырыбында семинар өткізілді. Екінші секцияда жылдық жоспарлау мен есеп беру қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button