Мәдениет

Рух пен бірлік үндескен кеш

Семей қаласы Республика күнін ерекше рухта қарсы алды. «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік концерті кеш қонақтарына қоғамдағы бірлік пен рухани жаңғыру құндылықтарын өнер арқылы дәріптеді.

Сахна төрінде қазақ өнерінің мақтаныштары — Досымжан Таңатаров, Мөлдір Әуелбекова, Мырзахан Маханов, Қайсар Мұхтарұлы, Ербол Қуанбек, Еркебұлан Мұсаев сынды белгілі әртістер елге рух сыйлады.

Музыкалық сүйемелдеуді «Бибігүл» қазақ халық аспаптар оркестрі мен Абай облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі бірігіп қамтамасыз етті. Ұлттық және симфониялық әуендердің үйлесімі — өткен мен бүгіннің, дәстүр мен жаңашылдықтың жарасымын бейнеледі.

Көрермендер концерттен жоғары әсер алып, елдік рух пен өнердің қуатын сезінді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button