Басты жаңалық

Елімізде 8 жаңа ЖЭО салынады

Үкімет көмір энергетикасын дамытуға арналған ұлттық жобаны бекітті. Құжатқа Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Жоба аясында елде 8 жаңа ЖЭО салынып, бірқатар стансалар жаңғыртылады. Ірі нысандар Екібастұз, Курчатов және Жезқазғанда бой көтереді. Сондай-ақ Көкшетау, Семей, Өскеменде жаңа жылу электр орталықтары іске қосылады.

Қолданыстағы 11 станса жаңартылып, 2030 жылға қарай жабдықтардың тозуы 12,6%-ке азаяды.

Жобалар инвестиция есебінен жүзеге асады. Жалпы көлемі – 7,5 трлн теңгеден асады.

Нәтижесінде 4,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Энергетика қызметкерлеріне жеңілдетілген ипотека беру де жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button