Заң

Абай облысында 5,3 млн теңгеге алаяқтық жасаған күдікті анықталды

Абай облысының полиция қызметкерлері ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен Астана қаласының 37 жастағы тұрғынын анықтады.

Тергеу мәліметінше, 2024 жылғы желтоқсанда күдікті «Toyota» маркалы автокөлікті сатамыз деп 38 жастағы Семей тұрғынын алдап, одан 5 300 000 теңге алған. Алайда уәде етілген көлік сатып алушыға берілмеген.

Тергеу барысында ер адам өз кінәсін мойындады. Белгілі болғандай, алынған қаражатты жеке қажетіне жұмсап, бүгінгі күнге дейін қайтармаған.

Аталған факт бойынша алаяқтық бабы бойынша іс қозғалып, күдіктіге келуге міндеттеу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Полиция азаматтарды ірі қаржылық мәмілелер кезінде сақ болуға, сатушылар мен мүлікке қатысты ақпаратты мұқият тексеруге шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button