Заң

121 шетелдікке Қазақстан есігі жабылды

ІІМ жүргізген «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 7 мыңнан астам дерегі анықталды.

Нәтижесінде 4,1 мың шетелдік елде болу талаптарын бұзғаны үшін, 2,7 мыңы заңсыз еңбек еткені үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ 2,2 мың қазақстандық пен заңды тұлға шетелдіктер туралы уақтылы хабарламағаны үшін жазаланды.

500-ден астам жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылып, жалпы сомасы 200 млн теңгеден асатын айыппұл салынды.

Сонымен қатар 1,5 мың шетел азаматының елде болу мерзімі қысқартылды. 121 адам мәжбүрлі түрде елден шығарылып, олардың барлығына Қазақстанға 5 жылға кіруге тыйым салынды. Оның ішінде 8 адам деструктивті-радикалды ағым өкілдері.

Аталған деректер бойынша 24 қылмыстық іс қозғалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button