Абайда құқық бұзушылықтар туралы хабарламалар цифрлық сервисте

Абай облысында құқық қорғау қызметтерін цифрландыру және сервистік модельді дамыту аясында Ішкі істер министрлігінің «Заң және Тәртіп» сервисі белсенді түрде қолданысқа енгізілді. Бұл сервис азаматтарға полицияға жеке бармай-ақ құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап тұрғындар «Police-102», E-Gov Mobile, Kaspi.kz, Halyk Bank және BCC.KZ мобильді қосымшалары арқылы хабарламалар жібере алады. Әр өтініш жүйеде автоматты түрде тіркеліп, тіркеу нөмірі беріледі. Өтініш беруші қаралу мәртебесін онлайн қадағалап, 102 ЦОУ операторымен чат арқылы қосымша ақпарат ала алады. Жеке деректер толық қорғалады.

Есептік кезеңде Абай облысы полиция департаментіне омниканалды жүйе арқылы 526 хабарлама келіп түсті:
- Police-102 – 320 хабарлама (ЖҚЕ бұзушылықтары – 296, басқа құқық бұзушылықтар – 21, тұрмыстық зорлық-зомбылық – 1, полиция қызметкерлеріне шағым – 2)
- E-Gov Mobile – 97 хабарлама (ЖҚЕ бұзушылықтары – 39, құқық бұзушылықтар – 44, жол-көлік оқиғасы – 1, тұрмыстық зорлық-зомбылық – 6, полиция қызметкерлеріне шағым – 7)
- Kaspi.kz – 84 хабарлама (ЖҚЕ бұзушылықтары – 47, құқық бұзушылықтар – 28, балаларға қатысты оқиға – 2, полиция қызметкерлеріне шағым – 7)
- Halyk Bank – 2 хабарлама (жол-көлік оқиғасы – 1, балаларға қатысты оқиға – 1)
- Басқа арналар – 23 хабарлама (ЖҚЕ бұзушылықтары – 20)
Абай облысы ДП Жедел басқару орталығының бастығы, полиция подполковнигі Бауыржан Садақбаев:
«“Заң және Тәртіп” сервисі – халықпен тікелей байланыс орнатудың тиімді құралы. Ақпарат алмасудың цифрлық форматы полицияның әрекет ету жылдамдығын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді».
Полиция департаменті тұрғындарды заң талаптарын орындауға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді атсалысу үшін сервисті кеңінен пайдалануға шақырады.



