Басты жаңалық

Семейде «Асыл Мирас» аутизм орталығы бар

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Қарағайлы шағын ауданында орналасқан «Асыл Мирас» аутизм орталығының қызметімен танысты. Орталық аутизм спектріндегі бұзылыстары бар балалар мен олардың отбасыларына кешенді қолдау көрсетеді.

Мекемеде балаларға арналған түзету-дамыту, оңалту және бейімдеу бағытындағы қызметтер ұйымдастырылған. Мамандардың жұмысы балалардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға, қарым-қатынас қабілетін дамытуға және ата-аналарға психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған.

«Асыл Мирас» аутизм орталығы Bulat Utemuratov Foundation қорының жобасы аясында жұмыс істейді. Орталықта АСБ диагнозы бар балалар мен олардың отбасыларына тегін қызмет көрсетіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button