Басты жаңалық
Берік Уәли Жигули Дайрабаевпен кездесті

Облыс әкімі Берік Уәли Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі Жигули Дайрабаевпен кездесті.
Аймақ басшысы облыстың аграрлық әлеуеті мен іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы баяндады. Облыста 2031 жылға дейін 85 ірі ауыл шаруашылығы жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде Семей қаласында 23,8 млрд теңгеге 6 жоба көзделген.
Жигули Дайрабаев агроөнеркәсіп саласындағы мемлекеттік қолдау шараларына тоқталып, өңірдегі өзекті мәселелерді тиісті министрліктерге депутаттық сауал ретінде көтеруге дайын екенін айтты.



