Басты жаңалық

Жаңа мамандық, жаңа мүмкіндік

Қазақстанда қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығына бейімдеудің тиімді құралына айналып отыр. 2025 жылы осындай бағдарламалар арқылы 6 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс тапқан.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, қысқа мерзімді оқу азаматтарға жаңа мамандық игеруге, кәсіби дағдыларын жаңартуға және кейін жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Бұл тетік жұмыспен қамтудың негізгі шараларының бірі саналады.

Оқу мерзімі алты айдан аспайды және бағдарламалар жұмыс берушілердің нақты сұранысына сай әзірленеді. Яғни, азаматтар еңбек нарығында қажет дағдыларды меңгеріп, оқу аяқталған соң жұмыс табу мүмкіндігін арттырады.

Қазіргі таңда кәсіптік оқытудың екі бағыты бар:

– білім беру ұйымдарында оқу;

– жұмыс орнында тәжірибе арқылы оқыту.

Білім беру ұйымдары арқылы 2025 жылы 6 350 адам оқуға жіберіліп, оның 5 660-ы курсты аяқтаған. Соның ішінде 3 968 адам жұмысқа орналасқан.

Ал жұмыс орнында оқыту бағыты да жоғары нәтиже көрсеткен. Бұл формат 2021–2025 жылдарға арналған Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында енгізілген. Мұнда азаматтар кәсіпорын базасында тәжірибеден өтіп, тәлімгерлерден үйренеді. 2025 жылы бұл бағытпен 2 859 адам оқуға жіберіліп, 2 107 адам жұмысқа тұрған.

Сонымен қатар азаматтарға арналған skills.enbek.kz платформасы да сұранысқа ие. Онда IT, қаржы, кәсіпкерлік және басқа бағыттар бойынша курстар ұсынылады. Платформа іске қосылғалы бері 63 мыңнан астам адам онлайн білім алып, олардың 56 мыңнан астамы оқуын сәтті аяқтаған.

Жалпы алғанда, қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары жаңа мамандық игеріп, тұрақты жұмыс табуға нақты мүмкіндік беріп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button