Басты жаңалық

Облыс әкімі тұрғындарды қабылдады

Абай облысының әкімі Берік Уәли азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға тиісті облыстық басқарма басшылары мен Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев қатысты.

Жеке қабылдау барысында тұрғындар жер телімдерін рәсімдеу, сондай-ақ тарихи-мәдени мұраларды насихаттау мәселелерін көтерді. Әрбір өтініш бойынша тиісті түсініктемелер беріліп, заң аясында шешу жолдары қарастырылды.

Аймақ басшысы азаматтардың сұрақтарын тыңдап, көтерілген мәселелердің мән-жайын нақтылап, жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар тұрғындардың өтініштері назардан тыс қалмайтынын және жеке бақылауында болатынын атап өтті.

Мұндай қабылдаулар халықпен кері байланысты нығайтып, өзекті мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button