Спорт
Семейде 300-ге жуық спорттық жарыс өтеді

2026 жылы Семейде спорт пен салауатты өмір салтын дамытуға ерекше көңіл бөлінбек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы айтты.
Қалалық бюджеттен түрлі жарыстар өткізуге қаржы бөлінді. Соның арқасында чемпионаттар, турнирлер, лигалар мен спартакиадалар жиі ұйымдастырылады.
Жылдық жоспарға сай, қалада 300-ге жуық спорттық жарыс өткізу көзделіп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 39 пайызға көп.
Қазірдің өзінде 40-тан астам жарыс өтіп үлгерді.
Мұндай шаралар тұрғындардың спортқа қызығушылығын арттырып, белсенді өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.



