Басты жаңалық
Енді банктер ай сайын есеп тапсырады

Елде банктер үшін жаңа талап күшіне енді. Енді екінші деңгейлі банктер айырбастау пункттеріндегі барлық валюта операциялары туралы Қазақстан Ұлттық Банкіне ай сайын есеп беруге міндетті.
Жаңа тәртіпке сәйкес, есепте халыққа валюта сату және сатып алу операциялары, басқа ұйымдармен жасалған мәмілелер, сондай-ақ барлық операциялардың саны мен жалпы көлемі көрсетіледі. Бұдан бөлек, шетел азаматтарымен жүргізілген валюталық операциялар да жеке есепке алынады.
Есеп беру жүйесі өңірлер бойынша нақтыланған. Мәліметтер әр облыс, ірі қала және Астана кесіндісінде бөлек ұсынылады. Ал қала маңындағы филиалдар бойынша деректер операция жасалған нақты орынға қарай тіркеледі.
Аталған жаңа ереже 2026 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енді.



